Тұңғыш немерем Шолпанға
Бұл бетте «Тұңғыш немерем Шолпанға» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бала келсе өмірге,
Дана келді дегейсің.
Ата-әже тойларын,
Ала келді дегейсің.
Төңерегің толысып,
Қала болды дегейсің.
Шолпан сынды немерем,
Сусын болды дегейсің.
Әкесі мен шешесі,
Туысым болды дегейсің.
Иіскесем маңдайдан,
Шөлімді дереу қандырған.
Мініп алса жотама,
Жорғамды да салдырған.
Көре алмасам жарты күн,
Жанарымды талдырған.
«Атасын» естіп бал тілден,
Көңілім көкте жаңғырған.
Басыма базар орнатып,
Ортамды ұдай даң қылған.
Өте ме шіркін, шіркін-ай,
Адамзатқа мән бұдан?!
Келші! Жүгір, қарғашым,
Жарқыраған маңдайың.
Немерені искеп,
Жібісінші таңдайым!
Иә! Тәңір, бере гөр,
Балаларға балдай күн!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі