Құлыншағым
Бұл бетте «Құлыншағым» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Құлдыр, құлдыр құлыншақ,
Құлыншақты мінде шап».
Қарғып саған мінемін,
Ұят сенен жығылсақ.
Кісінейсің күлдірлеп,
Қарның әлде ашты ма?
Не сөйлейсің былдырлап,
Менімен жасың жасты ма?
Тұяғың болат құлыншақ,
Иіскеші қолымды.
Менде өзіңдей тұлымшақ,
Сипап берем жоныңды.
Күмістен жүген салайын,
Тұлпарға сені санайын.
Көсілте бір шабайын,
Мақтанып елге қарайын!
Үлкен ат бол!Мендағы,
Жігіт болып шығамын.
Ел қорғауға мінемін,
Қанатым деп ұғамын.
Қасқыр соғып аламын,
Қорғаны болам даланың.
Сен боласың тұлпарым,
Мен де батыр боламын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі