Ақ шабақтың ерлігі
Бұл бетте «Ақ шабақтың ерлігі» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұнық көлге отырмын қармақ салып,
Несібемді қалуға қармап қалып.
Жаратыпты адамды тойымсыз ғып,
Жердің бетін өле ме жалмап барып…
Бір ақ шабақ ілінді,
Жанталасты,
Жанталасты, ажалмен тайталасты.
Қармағымнан бұлқынып қашпақ болды,
Бір кішкентай ауызын айқара ашты.
Ақ шабағым, па, неткен батыр еді,
Ажалменен айқасып жатыр енді.
Жағын жұлып, көліне сүңгіп кетті,
Қан майданға «қас жауын» шақырды енді.
Көлдің бетін тамшы қан бояп тұрды,
Қатыгездікмиым мен құлаққа ұрды.
Содан бастап балыққа құмарлығым,
Тіршілікте бойымнан жырақ тұрды.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі