Абылай ханға арнау

Бұл бетте «Абылай ханға арнау» атты Арслан Мұрат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Салқам Жәңгір баласы Тәуке хан баба өлгенде,
Жаны шыққан мүрде боп,
Батыр Болат келгенде — ол да жаны ақ ұрды.
Үш жүзден Айтақ Тәуке ұрпағы —
Сәмеке, Қайыр, Жолбарыс таққа бірге отырды.
​Қырғындалған қасқырдай,
Ағын суға тасқындай,
Өздері бөлек би болып,
Жүз-жүзді бөлді қуысып.
Ордабасы тауында басқа ханды сайлатып,
Әбілмәмбет отырды хандықтың үлкен тағына.
​Сол кезде шықты қыр қанды,
Қазақтың жинап үш басын,
Біріктіріп қар жасын.
Қырқалы айыр айшықтан
Туы болған ақ жалау —
Қазақтың ханы, сұлтаны,
Ақ киізге салынып,
Хан сайланған, ақұдай,
Елін қорғап қытайдан,
Ұлы бас хан — Абылай!
​Түркістанның жерінде құрған билік, бір Алла-ай!
Бұқар жырау — ұстазы,
Баянаула жайындай.
Арғын Қаржас ұрпағы — елдің ірі ділмәрі-ай!
​Төле би баққан, өсірген
Әбілмансұр сұлтанды.
Сақтап Жоңғар ханынан,
«Сабалақ» деп өсіріп,
Түйе бағып жаңылмай.
Шалқайып жатқан кезінде,
Төле би баба кіргенде,
Хан екенін байқаған Малайсары бабам-ай!
​Төле би ұрып өсірген таяғын алып кеткенде,
Жиырма жасқа келгенде,
Еңгезердей Шарышты денеден басын бөлгенде,
Бұқар жырау есінде:
Оразқұлдың өлімі көзіне түсті жас ұдай.
​Айдала толы қан төгіс,
Айқайлап отыр батырлар әруақ атын атаған,
«Абылайлап!» жар салып.
Қанішердің ұрпағы болғаны бәрі есінде,
Алды кегін әкенің —
Көркем Уәли атанған.
Алды жанын жоңғардың,
Алған жанын Атаның,
Таққа қонған жанының.
​Қырық жасқа келгенде,
Елге қалмақ төнгенде,
Әбілқайыр ханының,
Қатын ағзам Аннаға Құран ұстап ант етті,
Орта жүзден Абылай — ол да сүйтіп ант етті.
Теуіпкел келіп алдына,
Жолдарын хаттың сап кетті.
Қазақ кірді отарына Ресейдің.
​Бас жүзі болды соғыста — Қоқан ханы, Хиуа мен Әмір Бұқармен,
Ол да кірді қатын ағзам қолына.
Сонда қазақ болды үш жүз жылдай отарда...
​Абылай болды Орта жүзде хан еді,
Би-батыры қолындағы сай еді.
Төле бидей тауып айтқан дананың,
Қазыбектей түп қаздырған шанағын,
Әйтеке би кесіп айтқан бітімін —
Сондай билер керек бүгін күтімін.
​Батырлары болған дала дауылы:
Құйынды ұшқан Қабанбайдай қаруы.
Бөгенбай батыр сексенге келіп қалғанда,
Соғысқа шыққан батыр — елдің алыбы.
Жырлаған оны Үмбетейдей жырауың,
«Алатаудай ақша батыр құлауың» деп естірткен хан Абылай алдына.
Қазақ сонда көзінен жас алғанда,
Елге қару келді,
Орыс атап жегеді.
​Үшінші батыр — Шапырашты Наурызбай,
Абылайға құрдас болып келеді.
Жоңғарға қарсы соғысқан ұлы тұлғалар,
Оған күмән тудырғандар —
Оқпен қазір атылар!
​Алтынайұлы Қарасайдай батырың,
Арғын тегі Олжабайдай жан ұлың.
Қазақ жері Райымбекпен гүлденген,
Тама Есет Кіші жүзге нұр сермеп.
Батырларға берген рухын, шырағын —
Ақтанберді жырау жырлап жыр әнін,
«Күлдір-күлдір кісінетіп» жырында,
Жоңғарларға қарсы берген ол жанын.
​Бұқар жырау қартайғанда ауырып,
Тәттіқара, Көтеш келген орнына.
Тархан атын алған Шақшақ Жәнібек
Болған батыр, басы атанған.
Сіргеліден шыққан Елшібек батыр атамыз —
Болған Қанішер атасының жолдасы.
Жоңғарлармен соғыста қаза кеткеннен атағы елге,
Үш жүзге бірдей жеткенмен.
​Кейін шықты немересі — Кене хан,
Саржан сұлтан, Наурызбай сұлтан бата алған.
Нысанбай жырау — Жаманқұлдың баласы,
Жазып берген дастанды, халық зарын бас ұрған.
​Абылай хан өлер алды кезінде,
Көрген түсін таңның атқан кезінде:
Мүрде жатыр ақ матаға оралып,
Оң жағында семсері бар «Абылайлап!» ұрандап,
Сол жағында Құраны бар Құран оқып бағыштап.
Деп айтады Бұқарға...
​Сонда Бұқар:
— Семсер, қылыш ұстағандар — Қасымнан ұрпақ тараған Кенесары болары.
Қолына Құран ұстаған әлім болар ғаламға — Уәли ұлдың ұрпағы Шоқанға қылып меңзеген, —
Сонда бұл да рас болған:
Кене хан жасап жорықты, Ресей одан қорықты.
Шоқан жазып «Манасты», елге игі ісі артты.
Жазған Мәшһүр Жүсіп бұл туралы,
Қалдырған тарихи із бен жүз туралы.
Есенберлин жазған «Көшпенділер» —
Хандар жырынашып жазған
Түп тарихын тарихтың қазып жазған


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар