Нені ойладың?
Бұл бетте «Нені ойладың?» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нені ойладың, құрбыжан, нені ойладың,
Ойға батқан жүзіңе қарайладым.
Алыс арман, үміттің сәулесіндей,
Абайладым жүзіңде арай барын.
Тұңғиықтан құпия сыр таратып,
Келе жатты көзіңнен бір таң атып,
Таңы болғай ылайым қуаныштың,
Өзгелерді қойдың ғой мың қаратып.
Тығырыққа тіреліп, қамалдың ба?
Тапппадың ба, әлде оны таба алдың ба?
Ойлаған жөн, алды-артын, барлық жағын,
Ойла құрбым, жақсыны, жаманды да.
Алдың арман әйтсе де абайлағын,
Әлде неге үңіліп қарайладың.
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың, құрбыжан, нені ойладың?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі