Есіл
Бұл бетте «Есіл» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толқыны тулап жарды ұрып,
Көбігін көкке атпаған.
Жапанда гүрлеп жаңғырып,
Жосыла жеңкіп жатпаған.
Сабырмен тыңдап ел демін,
Сабырмен алға аттаған.
Сан ғасыр салған өрнегін,
Сар дала сырын сақтаған.
Қазына толы қолтығы
Келеді дәннен арылмай.
Момақан аққан толқыны
Салмақты қазақ жанындай.
Шомғандай терең бір ойға
Жатады-ау кейде мөлдіреп.
Таралып сонда жыр бойға
Тұрарсың сен де елжіреп.
1961.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі