Тың өлке
Бұл бетте «Тың өлке» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырқатып қайта шат әнін,
Оянып таңмен тым ерте,
Сар шашақ алтын шапанын
Сілкіп бір тұрды Тың өлке.
Өзіне жұртты шақырды ол:
«Көмекке кел, деп, туысқан».
Алғыр ой, іскер, батыр қол
Құйылып жатты тұс-тұстан.
Тоғысып еңбек торабы
Оянып солай күнде ерте,
Ілгері тартып барады
Қызыл бір керуен — Тың өлке.
Елімнің астық қоймасы,
Көңілге құяр жыр ерке.
Тауыңмен көкті бойлашы,
Жаныман көркей, Тың өлке!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі