Ағады Ертіс
Бұл бетте «Ағады Ертіс» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгілдір толқын, көгілдір тоғай,
Көгілдір көкпен жарасып.
Кімге де болса ой салған талай,
Құмартқан талай сан ғашық.
Ертісім, қабыл ал, жырды,
Қабыл ал, осы әнді де.
Жағаңда сенің айтылған сырды,
Ұмытпас ешкім мәңгіге.
Ертістің қатты ағыны сәулем,
Ағынға бетті түзейік.
Осының өзі қызық бір дәурен,
Толқынға қарсы жүзейік.
Қ а й ы р м а с ы:
Ертісім берік айнымас жолдас
Өзгеше бір сыр толғайды.
Өзенсіз мұхит, теңіз де болмас,
Елінсіз ер де болмайды.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі