Серенада
Бұл бетте «Серенада» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәуiргi бақ салқын жұпар шашады,
Ырғалады ырада гүл шашағы.
Алатаудың ақ шыңдары жарқырап,
Айға қарай айқара төс ашады.
Жүршi тысқа, бүгiн қандай түн жақсы!
Серуен болсын есте қалар бiр жақсы.
Алакеуiм алма бақта, аулақта
Сен жырлайтын, мен тыңдайтын жыр жақсы.
Жүр, барайық, жан сарығын басайық,
Жыр болайық, жырға сырды қосайық.
Бiзге лайық, ойнап өтсек өмiрден,
Бiр болайық, таңды бiрге тосайық.
Жас тапсалды: жүректе сәл ызыт бар,
Шашта қылау, маңдайда шар сызық бар.
Жүршi, жаным! Жалаңқия жыл жүйрiк,
Баста қанша тұрар дейсiң қызықтар!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі