Ойыл толқыны

Бұл бетте «Ойыл толқыны» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойылдың бетінде,
Ойнайды шабағы.
Көк торғын төсінде,
Толқындар ағады.
Толықсып жағада,
Жас сұлу барады.

Қ а й ы р м а с ы :
А-ай, көз жауын алған көркін-ай,
Жанымның қайтем дертін-ай.
Бассайшы жүрек өртін-ай,
Ойылдың ерке толқыны-ай!

Ару ғой , ақмаңдай,
Қолаңшаш кең маңдай.
Ақ жүзге себездеп,
Ай нұры тамғандай.
Жалт еткен жанарға,
Жарасқан сән қандай!

Қ а й ы р м а с ы :

Алыстан нұрланып,
Жүргені-ай ырғалып.
Қызығып сыртынан,
Қараймыз ұрланып.
Кетпесек жарайды,
Япырай, жынданып!

Қ а й ы р м а с ы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері