Небит-даг мұнарасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Небит-даг мұнарасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1964
Өз-өзінен сызданып,
Бедірейіп құм, батпақ.
Мұнайды елден қызғанып,
Қойған бүркеп құндақтап.
Бұлқынса да бұлтарып,
Жібермеген шөл, тас, құм.
Бұрғы үңгіген бұрқанып,
Жеті қабат жер астын.
Сыртқа теуіп шыққанша
Небит-Дагтың мұнайы.
Терін төкті жұрт қанша
Күн күйдіріп ұдайы.
Жер үстіне діңгектей
Орнатқанша мұнара,
Қасарысып бірбеткей
Тұрып алды бұл ара.
Көзді бүркеп құм дауыл
Күйді ыстықта алақан.
Сағым кешті қырда бұл,
Сахара аты — Сарыатан.
Белді бекем буынып,
Қешті ел батпақ-лайды.
Жер астынан суырып,
Алды тартып мұнайды.
Жаңа қала орнады
Жер бетінен кетіп дақ.
Құшағында орманы,
Құлпырады Небит-Даг.
Орманға жел атылып,
Келеді алып соққысы.
Ойрандайды жапырып,
Жер қанының от күші.
Болса да әбден қызылмай,
Жасап долы құм айбын.
Тұр орнында мызғымай
Мұнарасы мұнайдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Небит-даг мұнарасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Небит-даг мұнарасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Небит-даг мұнарасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Небит-даг мұнарасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері