Бақанас вальсі
Бұл бетте «Бақанас вальсі» атты Бек Тоғысбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Алатау – Жетісу анасы,
Жайнаған Іленің жағасы.
Байлықтың шалқыған мекені,
Бақанас болашақ қаласы.
Қайырмасы:
Іле бойы – байтақ елім,
Мөлдір Балқаш – шалқар көлім.
Нұр бейнеңді әнге қосып,
Шаттанамын, туған жерім.
Туған жерім – байтақ елім!
2. Ну орман, тоғайың, айдының,
Айдында жүзеді байлығың.
Шаттыққа бөлейді болашақ,
Нұр шашып аспаннан ай-күнің!
Қайырмасы.
3. Ақ жарқын, қонақжай елім бар,
Кең өлке – құт мекен жерім бар,
Достарым, келіңдер, көріңдер,
Құшаққа алатын төрім бар!
Қайырмасы.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі