Айна көл
Бұл бетте «Айна көл» атты Бек Тоғысбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Айдын көлім, ақ көлім, айна көлім,
Көк жағаңды жасымнан жайлап едім.
Бүгін барсам орныңды таба алам ба?
Айна көлім – айдыным, қайда менің?
А-хау, а-хау,
Айна көлім – айдыным, қайда менің?
2. Айдыныңнан аққулар кеткені ме?
Қаз, үйректер қона алмай өткені ме?
Кім байлады бағыңды, айтшы маған,
Арман-қайғың жүрекке жетпеді ме?
А-хау, а-хау,
Арман-қайғың жүрекке жетпеді ме?
3. Тоғайыңда адасқан қызыл елік,
Жаутаңдайды жабырқап мені көріп.
Толқымадың, қайтейін кетейін бе
Жүрегімнің тамшысын саған беріп?!
А-хау, а-хау,
Айна көлім,
Айдыным, қайда менің?!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі