Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Бек Тоғысбаев жазған туған жер туралы өлең берілген.
1. Армысың, туған жер аймағы,
Өзіңсің – сағыныш қайнары.
Әрқашан қуаныш көремін,
Елімнің дидары – жайдары.
Даламда тербеліп ақ маржан,
Нұр жауып тұрғандай аспаннан.
Елестеп нұрлы таң – болашақ,
Қуана шырқаймыз асқақ ән!
Қайырмасы:
Туған жерім – асқар белім,
Асулардан асқан елім!
Сайран салып кең даламда –
Шалғын, көгал – басқан жерім!
Туған жерім!
2. Замана шалқытып күніңді,
Нұр болып жүрекке құйылды.
Бақытқа бөленген туған жер,
Берекең халқыңа бұйырды!
Армысың, туған жер аймағы,
Өзіңсің – сағыныш қайнары.
Әрқашан қуаныш көремін,
Елімнің дидары – жайдары!
Қайырмасы:
Туған жерім – асқар белім,
Асулардан асқан елім!
Сайран салып кең даламда –
Шалғын, көгал – басқан жерім!
Туған жерім – асқар белім!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі