Бек Тоғысбаев

Бек Тоғысбаев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Бек Тоғысбаев (10.2.1936 жылы туған, Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылы — 2006) - жазушы, драматург. Лақап аты – Бек Сарин. ҚазҰУ-ды бітірген (1957).

1957 - 58 жылдары Алматы облысындағы "Коммунизм таңы" газетінде әдеби қызметкер,
1958 - 60 жылдары "Жас Алаш",
1964 - 68 жылдары "Қазақ әдебиеті" газеттерінде, Парасат журналында бөлім меңгерушісі;
1969 - 70 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған.
1970 - 75 жылдары Қазақстан Мәдениет министірлігінде басқарма бастығы,
1975 жылы Қазақстан Кинематографистер одағында,
1983 - 85 жылдары "Жазушы" баспасында да әр түрлі қызметтер атқарған.

"Жаңбырлы күз" (1960), "Үміт" (1963), "Алдыңғы толқын" (1967), "Асыл адам айнымас" (1973), "Намыс" (1982), "Шалғайда" (1986), "Тарихтың ашылмаған беттері" (2001), "Бұрын және бүгін" (2003), "Әкеден ұл туса" (2004), т.б. кітаптары және "Шәкәрім қажының қазасы" пьесалар жинағы жарық көрді. Шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. "Ақын Сара", "Алтыннан ардақты", "Намыс", "Түнгі от" атты пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды.

Марараттар: Құрмет грамотасы, "Ерен еңбегі үшін" медалі (2000). Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлық лауреаты (2003).

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері