Мойындатам қалайда
Бұл бетте «Мойындатам қалайда» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жырдан тапқан бақытын әйелдердің бірімін,
Қара өлеңнің кәдімгі қара табан құлымын.
Атақ - даңқым әзірге қылаң берер түрі жоқ,
Өйткені мен әзірге жер бетінде тірімін.
Жан - жүректен құйылар жырларым бар сарайда,
Мойындатам елімді, мойындатам қалайда.
Қатар жүрген елменен қарапайым ұстазбын,
Мына мені мойындау түсе қоймас оңайға.
Мойындатам әлемді мен де өзіндік үніммен,
Мойындатам жүректі жарып шыққан жырыммен.
Босқа өткен жоқ уақытым, міне, досым, қарашы,
Бақыттымын... тағы бір өлең жаздым бүгін мен.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі