Көре алмаған жүлдесін жүлдегермін

Бұл бетте «Көре алмаған жүлдесін жүлдегермін» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ісім көп, басталмаған, бітпегені,
Жете алмай жатсам, досым, күтпе мені.
Сандығында қалдырмай сыр ақтару –
Алтыншаштың бұл күнде діттегені.

Үлгерем бе бәріне, жасым мынау,
Жүрдек уақыт, сен де әбден басындың - ау.
Қарайласаң қайтеді, қазір маған,
Мақсат емес байлықтың басын құрау.

Көтеремін өлеңнің ауыр жүгін,
Бір жыр жаздым – жағдайым тәуір бүгін.
Өлеңдерім өзіме серік болып,
Байқатпайды жүгімнің ауырлығын.
Өмірзая өксімей өтсе, мейлі,

Менің жаным басқаны көксемейді.
Бір жыр жазбай бір күнде кешім батса,
Жас балаша жүрегім өкпелейді.
Босап бір күн бәріне үлгерермін,

Ерте ме кеш межеме бір келермін.
Ұрпағыма арттағы мұра етіп,
Өшпейтұғын мәңгілік жыр берермін.
Білесің бе, досым - ау, мен әзірге,
Көре алмаған жүлдесін жүлдегермін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері