Өлең боп күндіз - түні терлегенім
Бұл бетте «Өлең боп күндіз - түні терлегенім» атты Алтыншаш Жақиянова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Өлең боп күндіз - түні терлегенім,
Неге мен биігіме өрлемедім.
Тауыма тура құрық салсам - дағы,
Кезігер кедергіге сермегенім.
Көз ілместен жыр жаздым таңға отырып,
Хақ жолында айтпадым жанға өтірік.
Сәулесі жоқ жылт еткен болса, мейлі - ау,
Отырғаным мінеки барға өкініп.
Жатып алды жолымда қара жылан,
Секілденіп жүрегім жаралы жан.
Биігіне жете алмай өтеді ме,
Жасынан жырға құмар бала қыран.
Менің жырым – өткелі өмірімнің,
Менің жырым – айнасы көңілімнің.
Қайдан кеп ең, қарағым, дегендейін,
Қарайсың кеп, келеді нені білгің?
Сен қарайтын жоқ мансап, шекпенім де,
Тұрмын қазір елудің өткелінде.
Албансың ба, жоқ әлде Шапырашты,
Деп сұрайды ел кездескен сәттерінде.
Елімді айта қояр деп дәмеленбе,
Құштар ғана адаммын мен өлеңге.
Елім – байтақ қазақтың кең даласы,
Енді ғана қолы жеткен егеменге.
Жыр емес, таныс жиды өрлегендер,
Көтерілді жыр жазып көрмегендер.
Жақсылық жасаған боп, сырыңды алып,
Осылай сыртта қалды терлегендер.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі