Арманның таңы атып келеді
Бұл бетте «Арманның таңы атып келеді» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызығы қалмады көктемнің,
Қурады гүлдері бөктердің.
Өңім бе, түсім бе, мен солай,
Басымнан бұл жайды өткердім.
Қызығы қалмады кештердің,
Бәрін де жаныма дос көрдім.
Ей, өмір, сен қашан дес бердің?
Қашан бір бұрылып, ескердің?!
Қызығы қалмады күзімнің,
Гүл едім, келмейді үзілгім.
Мәні де қалмаған секілді,
Өмірде «сізің» мен «бізіңнің».
Болмаса, болмасын күйім де,
Сезіндім тап - таза күйінде.
Құмар да емес ем жасымнан,
Сән қуған сауықшыл үйірге.
Біреулер ар сатып биіктер,
Көтерер «аруын» «сүйікті» ер.
Өмірде жалғыз мен емеспін,
Жете алмай жүргендер құйып тер.
Біреулер жетеді жалбаңдап,
Бұл – таза сауда ғой; арзан бақ.
Мен олай жетпеймін биікке,
Мен жетпей жүгірген Арман да - ақ.
Шыдай гөр, әділдік, жеңесің,
Байқадым шындықтың өресін.
Арманның таңы атып келеді,
Қарсы алам қасқайып, көресің!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі