Қос қарағай түбінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қос қарағай түбінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2399
Дегендей-ақ сырымды сұраспай ұқ,
Қос қарағай тәкаппар тұр қасқайып.
Құлапты ер кеудеден оқ тигенде
Екеуіне қол артып, құлаш жайып.
Туған жердің жан беріп даласында
Екеуінің жатыпты ол арасында.
Қарағайлар жауыпты қанатымен,
Жел дауылды бұрқаған борасында.
Жапырақтар жамырап шуылдаған,
Үмітінің көгіндей туындаған.
Жалпақ жонда жол қаптап жалғызаяқ
Ел көңілі еріне суынбаған.
Күн күркіреп болса егер ақырғандай
Тұрады өз орнынан қапы қалмай.
Қос қарағай түбінен атылады
Бір кездері жауына атылғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос қарағай түбінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қос қарағай түбінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос қарағай түбінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос қарағай түбінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері