Жақсы көр мені, жақсы көр мені
Бұл бетте «Жақсы көр мені, жақсы көр мені» атты Зейнолла Шүкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыздар-ай, қыздар кірпіктен сәлем жолдаған,
Дір етсе кірпік шыдайды қалай сонда адам.
«Жақсы көр дейсің» дейсің, қарақат көзі сұлудың,
Келесің күнде, қарайсың сырлы сен маған.
- Жақсы көр мені, жақсы көр мені...
Сұлудың жарқын мінезі-ай, шіркін, құмарлы-ақ,
Алдыңда жүрер, алдынан өтер бұраңдап.
«Жақсы көр» дейсің,
«Жақсы көр» дейді ақ жүзің,
Әр өткен сайын күлкісін маған бір арнап.
- Жақсы көр мені... Жақсы көр... - дейсің...
Жай жатқанды жалын боп ыстық шарпу ма,
(Сондай бір әдет сұлудың бар-ау салтында!)
«Жақсы көр» дейсің.
Көрмейсің бірақ , перизат,
Қалғанын кімнің көз жасын төгіп артыңда...
- Жақсы көр мені, жақсы көр мені...
Қайтесің мені, қайтесің сұлу шақырып
Кеудемде дауыл толқынын жатыр сапырып
«Жақсы көр» дейсің ...
тыңдауға жаның құмар ма?
Тартса ішін теңіз өксігін тыймай аһ ұрып...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі