Сағыныш

Бұл бетте «Сағыныш» атты Зейнолла Шүкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терезеңнен телміріп Ай қараса,
Күміс сәуле бетіңді аймаласа,
Ол сағынған мен деп біл,
Уақыт өтті,
Уақыт өтті мінекей айдан аса.

Сыбдыр қағып мезгілсіз жасыл терек,
Түнде ұйқыңды жіберсе ашып кенет,
Ол да менің мазасыз жаным шығар,
Бір көруге өзіңді асық жүрек.

Егер саған түн сырлы күй тыңдатса,
Мазаласа жүрегің, ұйқың қашса,
Мен де қазір төсекте дөңбекшимiн,
Ойла мені, қалқатай, ұйқыңды аш та.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері