Полк командирі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Полк командирі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1956
Сонау алыс Испания жерінде,
Оқ ішінде қарады ол өлімге.
Қиыр Шығыс аспанының астында
Жаралы боп жатты Хасан көлінде.
Керзі етікпен аттап майдан шептерін,
Өтті ол талай қанды асулар өткелін.
Жалындар мен түтіндерге берді ол
Жастық атты өмірінің көктемін.
Тағы, міне, зор ұрысқа қатерлі,
Қанды майдан эшелоны әкелді.
Көп жорықты бастан кешкен батырдың
Бір сілкінтіп тастағандай аты елді,
Тұтасқандай кішілік пен ұлылық,
Тұр жүзінде қаталдық пен жылылық.
Жүрегіне алатындай құйып ол
Бір көргенде солдат жанын үғынып.
Жақсы болсаң жайып салып пейілін,
Әкелік бір көрсетеді мейірін.
Кейде көзбен ығыстырып алады,
Көңілінен шықпай қалған кей ұлын.
Қан майданның атой салып төрінде
Оныменен жеңіл жауды жеңу де.
Оныменен жұртқа бақыт секілді
Керек болса, жанды қиып өлу де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Полк командирі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Полк командирі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Полк командирі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Полк командирі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері