Мен өзіңді өтейін

Бұл бетте «Мен өзіңді өтейін» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

От жандырып жігерге – қайсар қылық,
Тәнті етсін ақ көңіл – жайсаңдылық.
Жүрегімде жыр оты маздап жанса,
Жырға жүрген дос болып байсалдылық.
Көп іздеймін өзіңді «қайдалаймын»,
Қайран шабыт, төс болсаң, балғадаймын.
Шың басына байланған жыр-орамал
Желбірейді сүйрелеп алға дәйім.
Сезім болып қимастық кемеңгері,
Көп сағынам байқасаң сенен гөрі.
Күлкім мен ұйқы қашты – осы ма екен
Мына жұрттың махаббат дегендері?
Қоңыр күзде нұр ойнап бағым күліп,
Мойыныма жыр-моншақ тағындырып.
Аяласа алақан маңдайымды,
Мәңгілікке құштар ғып мені саған,
Ақ сезімді шайқалған сабылдырып,
Махаббатым пәк болып саған деген,
Мен өзіңді өтейін,
Мен өзіңді өтейін – сағындырып,
Мен өзіңді өтсем ғой табындырып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері