Дұрыс екен

Бұл бетте «Дұрыс екен» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біреулер сені сәнсіз-ақ деп сөгіп жүр,
Жүзінен күлкі тұрмайды деп төгіп нұр.
Ақындар оны артықтау кейде мақтайды,
Сезімнің маржан лағылын арнап төгіп жыр.
Біреулер сені асқақ та қайсар бір бет дер,
Сенбесең егер жуас түйедей жүндеп көр.
Пенденің сөзін, өңгенің сөзін көпіртіп,
Жыр қылып айтар күріш ішіндегі күрмектер.
Осыған сен де, осыған мен де таң қалам,
Несіне оған жүйке жұқартып шамданам.
Қателік май бетіне шыққан сорпаның,
Сені көрдім өз білгеніңнен қалмаған.
Шашылған сәуле көңілде көктем тамаша,
Аусарлау өрлік қалатын саған жараса.
Ұғар еді олар қаншалық қате айтқанын,
Өзіңе бір сәт көзіммен менің,
Өзіңе бір сәт көзіммен менің – қараса!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері