Нұрлы үміт
Бұл бетте «Нұрлы үміт» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таң шапағы өң бергенде кенеттен,
Ашық аспан атқан таңға қараймын.
Тып-тыныш маң кәусар самал лебі өпкен,
Арманы ма ең талайдың?!
Шанқай түсте тіп-тік тұрған нар тұлға,
Ассам әрі көкжиекті көремін.
Жатыр Отан жасыл желек қалпында,
Алтын масақ төрі – егін.
Алау семіп бақта бұлбұл тасынып,
Шаттық – оттан шырақ алып ұшамын.
Құс жолында Алла нұры шашылып,
Тіршілікке жайып жатыр құшағын.
Ақ түнімді алмастырып ақ күнге,
Болашаққа нұрлы үмітпен қараймын.
Нығметімен бір Алладан алатын
Бақытты өмір сенің еншің, қарағым.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі