Түңілмеші
Бұл бетте «Түңілмеші» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзімді іздеп осынау нұрлы жер-көктен
Толқынды кештім айқара дауыл желді өпкен.
Шыңдардың аппақ басында тұрдым қар кешкен,
Көршілес жатқан құдірет сонау күн, көкпен.
Бастауын тауып басына бұлақ түнедім,
Шайса екен мендік жылауық ойдың түнегін!
Қап-қара бұлтты қолыммен ұстап сындырдым,
Найзағай жанып өтсін деп менің жүрегім!
Орманға бардым, мұңдастым шырша, қайыңмен,
Өзен-көл, сонау жазық пен қырқа, сайыңмен.
Таба алмай өзім бейтарап болған әр сәтте,
Көп сырлас болғам аспанда сонау Айыңмен.
Аңызда кештім Нарынның аптап құмдарын,
Бозамық таңда тіршілік күйін тыңдадым.
Өзімді іздеп шарқ ұрдым талай түндерде,
Қызғалдақ қаптап кеткенде дала қырларын!
Жанымды қинап жанардың жинап жарқылын,
Тынымсыз оймен өтуде қазір әр күнім.
Шабытты жырмен қуанта алмасам түңілме,
Өзіме – өзім жете алмай жүрмін,
Өзіме – өзім жете алмай жүрмін, жарқыным!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі