Ей, тағдыр
Бұл бетте «Ей, тағдыр» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудемдегі бір отты
Жанған кезде өзім де түсінбеймін,
Бұйым емес сол сәтте жанды қарыр
Қыстың ызғар аязын түсір, мейлің.
Кеудем менің жанартау,
Содан болар
Тұлпар шапқан даладай дүсірлеймін.
Менің жаным – қазына,
Алғың келсе, тартынба сал қолыңды,
Маңдайыма жазбаған жабылардай
Бәйгеде оза шаппай қор болуды.
Толарсақтан саз кешіп
Шығатын тартып тоқтамай,
Мен осынау ғұмырымда
Қатепті қара нардан алғам үлгі!
Жанымда бір жалын бар
Тұратұғын қашанда жанып, шалқып,
Өлең – жүрек жатады еріп, балқып.
Тағдыр деген тоңмойынды тасталқан ғып,
Қойсаң да бар жүгіңді маған артып,
Мендегі сойқан күшпен қайтер едің
Ей, тағдыр, бермегеніңді алсам тартып!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі