Айналайын адамдар
Бұл бетте «Айналайын адамдар» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Адамдар, құдіреті күшті ғаламда,
Сен – жойқын күш, сен – ғажайып,
Сен ақ сәуле, сіңген солай санамда.
Мен сендердің мейіріміңнен көктеймін,
Әлем тыныш тұрса осылай әмәнда.
О, адамдар, бәрі сенің шараңда,
Пасықтар жүр, зұлымдар бар,
Жағымпаз бен бар қараулар араңда.
Ақ пейілді өр ерлерің қаншама
Аты әйгілі болған барлық ғаламға!
О, адамдар, бәрі сенің еркіңде,
Жабығуың – менің таза күлкімде.
Шаттандырсаң, өңіме нұр жүгірер,
Ал қайғыртсаң,
Самайыма ақ түседі бір түнде!
О, адамдар, айналайын адамдар!
Тек сендермен жасалады сәтті-сәтсіз қадамдар.
Бар істе де болшы әділ табиғаттың өзіндей:
Ойлы озып,
Қалсын артта шабандар!
О, адамдар, бауыр етім – адамдар!
Ақ жүректі, әлсіздеу бір шамам бар.
Ұшқын едім, басса көрік от шашар.
Абайлап кеп отты үрлеп,
Абайлап кеп отты үрлеп қараңдар!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі