Адамдар – шынарларым
Бұл бетте «Адамдар – шынарларым» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өздеріңсің, адамдар – асқарларым,
Бүршік атып бұралған жас талдарым.
Өздеріңнің күшің мен құдіретіңнен
Көргем қара тастан да жас тамғанын!
Өздеріңсің, адамдар – шынарларым,
Таудағыдай сендерде мұнар қалың.
Сендердегі ізгілік, мол мейірімге
Еш қалтқысыз мәңгілік құмар жаным.
Өздеріңсің адамдар – қырандарым,
Қолға ұстатпас, көз тоймас сылаң сағым.
Сендердегі мәрттік пен жомарттықты
Қашанда жырлап өту – бір арманым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі