О, бауырлар
Бұл бетте «О, бауырлар» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, бауырлар, айып етпе өтінем!
Күлкі кезген кең өлкеден кетіп ем.
Жар қызығына қосып сәби күлкісін,
Мұңды арманға жүруші едім етіп ем.
О, бауырлар, енді мынау елес пе!
Жас ортадан асқанда сәл белеске.
Ақ сезімдер ұйқас болып құралса,
Біреу маған мынауың кеш демес пе!
Айтсын, досым, жарып ашып жүрегін,
Өз-өзімнен от ой теріп жүремін.
Жыр құдіретіне арман қылып қол созсам,
Демес пе екен мынау оғаш тілегің?
О, бауырлар, мынау енді қиял ма?!
Қандай мені күтеді екен сый алда?
Тәуекелді – қайық десем, жыр – ескек,
Ақ толқындар жеткізер ме қиянға?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі