Сенім артсаң

Бұл бетте «Сенім артсаң» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеш жазды деп өлеңді артпа күдік,
Өлең берсем, бергенім жанымды үгіп,
Ақыл айтсаң, алаулап қарсы аламын,
Ал сенімің мен үшін – алтын жүзік.
Атын жүзік – сенімің жоғалмасым,
Қадіріміз болмайды жоғалғасын.
Сезіміңді аяма күнім менің,
Болам десең айтулы адал досым.
Сенім артсаң, барымды қия аламын,
Жігер-қайрат назымды жия аламын.
Еш жылусыз, жып-жылтыр жыр жазуға,
Сенен бұрын өзім де күйіп-жанып,
Шашқа кірген ақтардан,
Шашқа кірген ақтардан – ұяламын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері