Отты жыр
Бұл бетте «Отты жыр» атты Бақыт Жасқалиева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Елік едім алаңсыз жүрген ойнай,
Көңіл сырын көрмеген, түпсіз бойлай.
Бәрі жарық секілді ед тау да, тас та,
Жүруші ек жайраң қағып біз де сондай.
Көрдім сені ұқпай-ақ іс мәнісін,
Жете ме екен байқашы қызға күшің?
Жақсы сөзбен өтімді болып жатсаң,
Болар көңілің ілгендей түз тағысын.
О, табиғат, бұл сенің құдіретің бе ед(і),
Махаббаттың жамылттың – Күн шәлісін!
Жүректегі махаббат бал қайнарнын
Қанып ішсем, қасыңда мен жайнармын.
Өзің сонау ән салған кештен бері
Ояттың да балалық бал сезімді,
Көңіліме көктем бойы гүл жиғызып,
Аппақ арман жап-жарық сен адамнан,
Сен адамнан жап-жарық нұрға айналдың.
Өмір жырға бөленген аспан ашық,
Күле бергім келетін, көңілім тасып.
Ожар қылық, дөрекі сөз естісем,
Тығылушы ем сая іздеп саған қашып.
Көруші ек шын бақытты берген гүлден,
Сезінуші ем абзалдықты жарқын жүзден.
Бірақ бір күн бұлт айдап ыстық сезім,
Шарт-шұрт ойнап найзағай түсті бірден.
Қақ айрылдың, жастық па, қаталдық па,
Арман – терек жай түсіп құлаған күн,
Сен адамнан айналдың,
Сен адамнан айналдың құпия сырға мүлдем!
Не бар маңға барардай қара түнек,
Құлазыды көңілім, жаурап, жүдеп.
Ақтығыңды дәлелдеп бере алмай,
Өкініш, ыза кернеп жатты жүрек.
Жайлау барып ән салдым бар даусыммен,
От сезім одан сайын жанды үдеп.
Арым – арқау, өмірім – ту бір нәзік,
Асқақтықпен иіліп сабылмадым.
Өрлік саған енші еді – тағдыр жазып,
Сенде ішіңнен бет бұрмай – жалындадың.
Содан соң өртте жатқан жүрегіме
Ем іздедім, сен бірақ табылмадың.
Бойдағы адалдығым – арым болып,
Тағдырға қайсарлықпен бағынбадым.
О, махаббат, тәнтімін кұдіретіңе,
Мені аялап, мені мәңгі сүйіп өтер
Сені емес, отты жырды,
Сен емес, отты жырды қабылдадым!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі