Күзде

Бұл бетте «Күзде» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірде тұман, бірде ашық, сыз ызғырық,
Күн қысқарып, кеш жетті жүз құбылып.
Адамзаттың қалауын сырып тастап,
Жерді ызғар жіберді мұзды қылып.
Түйдек-түйдек асығыс бұлт көшеді,
Қар ұшқындап сұп-суық жел еседі.
Мал жайлаған кемпір шал бір-біріне
Биыл тағы түсті ерте қыс деседі.
Ұлпа мамық оранған сым бағана,
Аппақ көрпе жамылған шыңға қара.
Тұп-тұнық таң, саф ауа жұтсаң тоймас,
Маужырайды бусанып қырда дала.
Ашық аспан, күміс түс мынау дала,
Ала қарға еркінсіп жүр аулада.
Сәл жақсыға елжірер көңілімдей
Күн көзінен еріген қырау ғана...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері