Заң және махаббат

Бұл бетте «Заң және махаббат» атты Бақыт Жасқалиева жазған махаббат туралы өлең берілген.

Өтпесе күнің күлкісіз,
Бұның дұрыс жөн дейді.
Ол өзі түк сезбестей,
Жарымен ертіп баласын,
Жаныңнан өтіп жөнелді.
Жабырқау жүрек көз мұнар,
Алқынып әрең тұрсаң да.
Өзгелер үшін құрбан бол,
Ақылмен ұстап сезімді,
Қайтсең де өзің жең дейді.
Өзіңнен өткен қателік,
Кездессең күліп амандас,
Алғанын оның дос сана.
Ақ көңіл, адал досым-ай,
Қабыл ал бәрін шошымай.
Жүректі мәңгі торда ұстар,
Махаббат заңы осылай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері