Сағыныш
Бұл бетте «Сағыныш» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маған деген ашудың айбынымен
Басқа жанды жар еттің, кеттің бөлек.
Ұмыт дейсің бірге өткен жайды мүлдем,
Қайдан шықты бұл шешім, айтшы себеп?
Кінәмді айтып ақталар сөз таппадым,
Бар жазығым осы ма секем алар.
Жамандаса біреулер, мен жақтадым,
Жан деуші едім ұрпаққа әке болар.
Екеумізде еді ғой бөтен сезім,
Өлшем-шегі ешкімге ұқсамайтын.
Жүрегіме қадалды «көсем сөзің»
Аяусыз жатқа айтқандай тұспалайтын.
Өкінбеймін өмірге шығар тағдыр,
Екеумізді жіберді екі жаққа.
Қимас сезім екен ғой бұлар да бір
Еміреніп есіме алар шақта.
Сенсіз талай жыл өтіп, ұзарды арман,
Қанатымды отырмын сырға малып.
Жүректің түкпірінде жұмарланған
Сағынышты отырмын ұрлап алып,
Сағынышты отырмын жырға салып.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі