Мен болайын

Бұл бетте «Мен болайын» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мейлі тағдыр төндірсін қайғы бұлтын,
Кетсін мейлі безініп жақын жұртым.
Ойсыз күнім өтпесе болды әйтеуір,
Берекесіз, бедерсіз ыртың-жыртың.
Мейлі маған қонбасын бақ-атағың,
Оларсыз да таң атып, күн бататын.
Тау шыңынан кей қарға қарқылдаса,
Мылтығымды ап әп-сәтте жайратамын!
Ұқпай мейлі, сүйгенім алыстасын,
Өзі өмірден әйтеуір қалыспасын.
Өссе болды ұл-қызым жарқын болып,
Абзалдықпен көтерер алып басын.
Мейлі тағдыр бермесін өр-қайратын,
Әлдімін деу ежелден жоқ қой салтым.
Барымменен ақ адал өмір кешем,
Ол өзі бір жағымпаз, көз бояғыш,
Қарау адам демесе болды халқым.
Тек бейбіт күн, көк аспан болсын аман,
Мәнді өмір сүре ме онсыз адам?!
Жердің беті нұрланып жатсын жайнап,
Бір құлының болайын құлдыраған,
Ақ бұлағың болайын сылдыраған.
Мейіріміңді жүрекке сыйғызып ап,
Ерке қызың болайын жыр құраған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері