Келеді ұқсағым

Бұл бетте «Келеді ұқсағым» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен ол кез ақ бантик тағынған қызбын бір,
Соғылған қоңырау соңғы рет сыңғыры.
Қарасам ортада сен оқып тұрдың жыр,
Үзілді ұстазға арналған өлеңнің бір гүлі.
От жанып кеудемде сезімнің желімен,
Кеттім де жырыңмен қыр астым алысқа.
Сол сәтте өзімді өзіңе ұқсатқым келіп ем,
Айналып сен тұрдың жырыңмен барысқа.
Мен ол кез жас едім, сол көктем әлі есте,
Сезімің өртеді, күйдірді, нандырды.
Құшаққа ап биледік дөңгелеп сол кеште,
Жырларың сыйқырлап есімнен тандырды.
Сен қаштың сезімнің мендегі селінен,
Шығар да еркіндік аңсауың асқағым.
Тұсауың тұсаған жүректе қалған-тын менімен,
Быт-шыт қып үздім де лақтырып тастадым.
Көңілім күз айы, шынымен өкініп-өксідің,
Арманға айналды өзіңді жырыңмен құшпағым.
Жалғыз-ақ айтатын сөзім бар сен шыным,
Келеді өзіңе ұқсағым,
Жыр жаздым да өзіңе ұқсадым!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері