Күдер үзіп кетсек те
Бұл бетте «Күдер үзіп кетсек те» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отырдық бір топ адам болып қонақ,
Әзіл сөз, әз әңгіме жатты борап.
Еске алдық арасында біраз досты,
Сөзіне кей жақсының беріп қонақ.
Бірінің мінін айттық кер кеткізіп,
Бірінің биін айттық жер тепкізіп.
Бір мезет сенің атың аталғанда,
Бір сезім бас көтерді селт еткізіп.
Шапқандай мініп алып ақтабанға,
Бірі кеп мына сені мақтағанда.
Көзімді терезеге тіреп қойдым,
Әңгіме саған келіп тоқтағанда.
Бірі қосты сөз жықпас ыңғайшылға,
Іс тындырғыш жоқ деді мұндай тұлға.
Қайсар жігіт тәкаппар деді біреу,
Біреу айтты жақын деп сондай шуға.
Біреу айтты жақын деп бүлікке шын,
Мұның білдім жақсыға ілікпесін.
Бірі атты сөзбен сені жүрегіңнен,
Басып қап мылтығының шүріппесін.
Отырдым өзің жайлы бәрін біліп,
Ішімде жанды алау жалын кіріп.
Ел сен жайлы айтқанда кезек бермей,
Тұрғанын сезбедің-ау «жаным кіріп»?!
Бұның бәрі жүргеннен болып құмар,
Жан қайда жөнін біліп, соны ұқтырар.
Бірақ бірі олардың сезбей кетті
Өзгеге ұқсамайтын өр бейнеңді,
Мен едім сол ортада толықтырар…
Кетсек те күдер үзіп бір-бірімізден,
Кім білед(і) Алла бір күн жолықтырар!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі