Мен жүрмін
Бұл бетте «Мен жүрмін» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сонда жылап тұрғам
Ұмыта алмай бейнеңді жырақ тұрған.
Жүрегімді жатқаны-ай өксік кернеп,
Жауапсыз сұрақтардан құлақ тұнған.
Асқақтығым құлатпас сәттерім көп
Өзің жайлы өсекті мың құбылған
Кеудемнен жұлып алып лақтырған.
Білесің бе,
Мен сонда жылап тұрғам,
Кейпім мынау сүрініп құлап тұрған.
Өксіп-өксіп жылаймын амал қанша,
Өзіңдей жан таба алмай ұнап тұрған.
Сенің бейнең жанып тұр жанарымда,
Маған бір сәт үздігіп қарадың да,
Өр, тәкаппар, тым асқақ мінезіңмен
Ілесіп кете бардың сен ағынға.
Жат түгіл, дос-жақында біліп болмас,
Азапқа сенің салған шыдадым да.
Аппақ сезім быт-шыт боп шытынады,
Бүгінде белгі болмай тұрағыңда.
Мен жүрмін жауап таппай сұрағыма,
Сен жүрсің тәнті болып шыдамыма.
Жылдар жазар жараны дегенменен,
Айтшы, жаным,
Менсіз өткен өмірің ұнады ма?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі