Содан ба әлде?
Бұл бетте «Содан ба әлде?» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Содан ба әлде
Тағдыр мені жаратпапты әлді ғып,
Алма бетті, қолаң шашты сәнді ғып.
Мына менің өз еншіме қалғаны:
Ақ көңілді, аңқау, нәзік жандылық.
Содан ба әлде
Көрдім өмір азабын,
Бар сенгенім – ар алдында тазамын.
Сүйіп тұрып, сүйгенімнен жат болдым,
Ең ауыры өзімде боп жазаның.
Содан ба әлде
Көрдім өмір талқысын,
Бар қуатым: алды – адалдық, арты – шын.
Көптің бірі болып өзім тұрсам да,
Бердім барды, сен аман бол, шалқысын.
Содан ба әлде
Кештім өмір батпағын,
Бар таяныш – жүрегімде жатты ағын.
Тіреу болдым құлап бара жатқанға,
Мен-ақ құрбан, сені Құдай сақтағын.
Содан ба әлде
Иығыма салып өмір ауырын,
Киімнің де дедім кисін ол тәуірін.
Жолға шықтым ақпан-суық боранда,
Сақтап оған жайлы көктем – сәуірін.
Содан ба әлде
Күз болды – тез көктемім,
Қазір мені селт еткізбес – өктем үн.
Өтеуі боп қиянаттың – жыр келді,
Жер-анадай, жаңбырдан соң нәрленген.
Келіп кетті менің-дағы көктегім,
Келіп кетті менің-дағы көктегім!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі