Өздеріңсің

Бұл бетте «Өздеріңсің» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өздеріңсің, адамдар – асқарларым,
Бүршік атып бұралған жас талдарым.
Сенің ерен күшің мен құдіретіңнен
Көргем қара тастан да жас тамғанын!
Өздеріңсің, адамдар – шынарларым,
Тауда сендер көлбеген тұнар қалың.
Сендердегі ізгілік, мол мейірімге
Еш қалтықсыз мәңгілік құмар жаным.
Өздеріңсің, адамдар – қырандарым,
Қолға ұстатпас, көз тоймас-сылаң сағым.
Сендердегі мәрттік пен жомарттықты
Жырлап өту менің де – бір арманым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері