Бидай және махаббат
Бұл бетте «Бидай және махаббат» атты Бақыт Жасқалиева жазған махаббат туралы өлең берілген.
Құба жонда, маң далада туған байтақ сары алтын,
Күс-күс қолды, ержігіттің ақ терінен жаралдың.
Тіршіліктің нәрі өзің болдың да,
Адастырмас құс жолындай ұрпағыма таралдың.
Күн көзінен нұрын төккен ертерек,
Бой көтердің Жер – Анаға, Диқан баба еркелеп.
Самал желдің сағағынан тыныстадың бой алып,
Өстің, толдың, тұрсың қазір қасиетіңмен бас иіп,
Үн қатасың:
«Ей, адамзат, ал тезірек менен саған не керек?!»
Тек өзіңде бар айбыным, қуатым,
Тіршіліктің сен ай, күні, батып бірі,
бірі қайта шығатын.
Жау жағадан алған талай замандар,
Нан – Отанды ту ғып ұстай тәңіріндей табынып,
Сол сезіммен – ерлерім жау қуатын.
Ән боп шалқып, күй боп қалқып берекелі даламда,
Бидайым-ау,
аялы қол күн нұрына құштарлық бар санаңда.
Нан, жер, адам, әлем – бүкіл кеңістік,
Алтын жіппен көрінбес тозбастай ғып тоқыған
Бір үндестік, бір махаббат бар сендердің араңда.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі