Нөсер болсаң

Бұл бетте «Нөсер болсаң» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұлпарына мінсең тағлым таланттың,
Жалт еткізіп жұртты өзіңе қаратқын.
Ел біреулеп санар болса ерлерін,
Ішінде боп өзіңді де санатқын.
Шыңды ала алмай дал болғанда шартарап,
Ең басынан көріп өзің бір қарап.
Ерте көктем қырларынан шарқ ізде,
Қуандырғың келсе мені гүлдер ап.
Нөсер болсаң құйып шөлге – қуантқын,
Айдыны бол барып құяр бұлақтың.
Найзағайдай от шашып бір жарқ ет те,
Пасықтардың үрейін ап, суалтқын.
Ашық аспан, тұрса осылай күн күліп,
Жетелеген заңғарларға мыңды үміт.
Көппен бірдей болсам болды дей көрме,
Жалындаған жігерімді құм қылып,
Жалындаған жігерімді құм қылып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері