Тілек
Бұл бетте «Тілек» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып таулы мұнар алыс шың-құздар,
Асқақ қарап тап биіктен тұрсаңдар.
Болсаң әлді, мені шыңға шығаршы,
Қалар ма екен бойды алған – күзгі ызғар?!
Сылқ-сылқ күлген ытқып ағып ақ бұлақ,
Маңың жайлау, жағаң менің бақ-тұрақ.
Жан сезім мен көңіл-күйді шайып өт,
Кетер ме екен еңсемді езген мың сұрақ?!
Қара бұлтты түріп айдап қақ жарып,
Келбетіңнен еткен түнді жап-жарық.
Найзағайым! Жарқылыңнан бөліп бер,
Шығайын мен баз тірліктен топ жарып!
Құба жоннан ескен саумал самал жел,
Саған беріп өңін тұрды бұраң бел.
Ой-өрісім жетелеші лебіңмен,
Көре алмай қап тоқырасам әудем жер.
Жазық дала, жасыл майса – бел сағым!
Жан-жануар ынтығардай жер шалғын.
Кеңдігіңнен аздап маған жұқтыршы,
Қазір менің толысатын дер шағым.
Өрт тілеген жаным бермей сәт-сабыр,
Қайсарлықты алған төзім от қарыр.
Өтінемін ақ сезім боп құйып өт,
Жер су тілеп шөлдегенде – ақ жаңбыр!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі