Бірі болып
Бұл бетте «Бірі болып» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойым ойнап көңілде тұрақтамай,
Жүрегіме шаншу боп сұрақ талай.
Дел-сал болып отырар кездерім бар,
Ермек болып көкте Күн, жырақтағы Ай.
Ұқпай-ақ тым өксіген жүрек сырын,
Ақ үміттің арманды тілек – тілін.
Бей-жай мәңгүрт отырар кездерім бар
Келді, кетті, қалғанның білмей бірін.
Өз-өзіңмен езіліп жылап – налып,
Жан таппай-ақ сергитін сыр ақтарып.
Тек өлеңмен дос тауып қуанамын,
Іздесем де табылмас шырақты алып.
Сап көңілдің баса алмай пернелерін,
Өксік атып аһ ұрып сенделемін.
Күнім өтсе өлеңсіз шошып кетем,
Бірі болып кетердей пенделердің,
Бірі болып кетердей пенделердің!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі