Көңілден іздеп

Бұл бетте «Көңілден іздеп» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңілмен қарап,
Жүрмедім іздеп жоқ-барды,
Таң қылған қырды адуын шабыс көкпарды.
Ой қинап мені жүргені кәміл аян-ақ,
Үрлей алмай көңілде жанған шоқтарды.
Көңілден іздеп
қарлы жел, арай ақ таңды,
Қыруар істен, уақыты болмай жатқан-ды.
Ой қажап мені жүргені кәміл аян-ақ,
Қарайлай ойлай, досың да сәлге сатқан-ды.
Көңілден іздеп,
мәуе бақ, шың-құз, шатқалды,
Кәусар көл болсаң жағалай өскен ақ талды.
Ой қажап мені жүргені кәміл аян-ақ,
Елесін кезіп жалынды жастық шақтарды.
Көңілден іздеп,
ақ сезім, аппақ арманды,
Қиялмен шыңға шарықтап ойым сан барды.
Жыр арнап өтсем деп сәт сайын өзім ынтығам,
Ұшқыннан жалын, тудырып жарық – жанғанды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері