Аз емес қой
Бұл бетте «Аз емес қой» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аз емес қой
десең де жан азабың,
Ой түбіне от қойып, ор қазамын.
Болып-толған жандарды көріп күнде,
Солар үшін тіксінем өз-өзімнен,
Берген өмір ауырын деп жазаның.
Аз емес қой
десең де ой-елесің,
Қуаныш ап қиялдан кенелесің.
Ішкен-жеген, кигенін мұрат қылған,
Жаным ашиды жандарға қарап тұрып,
Жетпей жатқан мақсат бар демегесін.
Аз емес қой
десең де – күзгі күнің,
Бар таяныш көңіл ақ, мөлдір үнім.
Жалт беретін жағымпаз пасық қанша?
Көре жүре соларды аяп кетем,
Табиғат-ау, бердің деп неге түнің.
Аз емес қой
десең де мұң-арманың,
Көңіл ұшқыр солар деп жыр арнадым.
Бас пайда үшін дос тауып, не қас тауып,
Жанын сала даттаған не мадақтап,
Ызам келеді әуелден жүргендерге
Қасіретін тек сол санап мынау маңның.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі