Бір ақынға

Бұл бетте «Бір ақынға» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеш келді деп жыр теңіз дариясына,
Күдікті көп қарайтын ол расында.
Ақын атың шынында шықты ерте,
Тек сол үшін мәз болып далиясың ба?
Өлеңді кеш жазды деп баласынба?
Менен әлі үйреніп аларсың да.
Қын түбінде ақ алмас жатқан шығар,
Кез келді деп жарқ етсем, нанасың ба?
Кеш жазды деп өлеңді артпа күдік,
Өлең берсем бергенім тәнімді үзіп.
Ақыл айтсаң алаулап қарсы аламын,
Ал сенімің мен үшін – алтын жүзік.
Сенім артсаң сезімді қия аламын,
Жігер, қайрат, назымды жия аламын.
Жүрек сырын күт менен, сен қалтқысыз,
Еш жылусыз, жып-жылтыр жыр жазуға
Сенен бұрын ішімнен күйіп-жанып,
Шашқа кірген ақтардан,
Шашқа кірген ақтардан – ұяламын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері