Ақындық
Бұл бетте «Ақындық» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкірегімде кеше бір күй күмбірлеп,
Бір ақ сезім ала шауып жүр-жүрлеп.
Алып ұшқан аппақ көңіл кептері
Жүрек шоғын сөндірместей тұрды үрлеп.
Көкірегімде кеше бір ой жап-жарық
Шығып тұрды бәрінен де топ жарып.
Көңілімдегі құрыш білек ізгі істен
Өзім-дағы бара жаттым сомдалып.
Көкірегіме қонып кеше тәтті арман,
Гүлдер көрдім шыңдағы сан қатпардан.
Қала-дала, толқын шөлмен астасып
Достар таптым көрмеген еш жаттардан.
Көкірегіме жатыр сыйып бар әлем,
Шабыттансам, Айдан хабар алар ем!
Жан-дүнием толқын атқан көк теңіз,
Қарсы келсең көміліп бір қалар ең.
Күйкі істен босай алмас сол кезім,
Жүрегімде жатты қайнап ақ сезім.
Бәрін қойып өз-өзіңе жетуге,
Қас боп шығып қол байлады бұл – төзім!
Ол бүгінде кеткен ұшып ақ сезім,
Абай айтқан, қайда менің от кезім?
Өлең-Өмір, кеттің тастап, отырмын
Қуыс кеуде меңіреу жандай – боп өзім,
Қуыс кеуде меңіреу жандай – боп өзім…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі